2020 жылы мемлекеттік бюджетке түскен кіріс қанша?

1493

Жоспар 102%-ға орындалған. 

2020 жылы мемлекеттік бюджетке түскен кіріс қанша?

2020 жылы мемлекеттік бюджетке 9 трлн 751 млрд теңге кіріс түскен. Бұл туралы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"2020 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке 9 тлн 751 млрд теңге кіріс түсті. Жоспар 102%-ға орындалды. 2019 жылмен салыстырғанда өсім – 62,7 млрд теңге.

Республикалық бюджетке 6 трлн 561 млрд теңге кіріс түсті. Жоспар 22 млрд теңгеге орындалды. Оның ішінде салықтар 12 млрд теңгеге асыра орындалды", деді ол Қаржы министрлігінің алқа отырысында. 

Ерұлан Жамаубаев салықтардың негізгі сомасы корпоративті табыс салығы, пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық, шикі мұнайға салынатын экспорттық кеден баж салығынан түскенін атап өтті.

Сонымен қатар Қаржы министрі бюджет шығыстарына тоқталды. 

"Мемлекеттік бюджет шығыстары 98,2%-ға, республикалық бюджет шығыстары 98,3%-ға, жергілікті бюджет шығыстары 99,1 %-ға атқарылды.

Республикалық бюджет бойынша 14 трлн 234 млрд теңгеге шығыс жүргізілді. Атқарылмау сомасы – 214 млрд теңге. Оның ішінде 224 млрд теңге үкімет резерві бойынша үнемделген ақша және өзгеде үнемдеу болып саналады. 15 млрд теңге игерілмеген",  деді Ерұлан Жамаубаев.

Дәурен Ерболат

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу