2020 жылы нарықтағы жағдай қандай болмақ?

1514

Егер Трамп сайлауда жеңіске жетсе, бұл америкалық компаниялардың қазіргі мәртебесін сақтап қалуға көмектеседі.

2020 жылы нарықтағы жағдай қандай болмақ?

Осы жыл инвесторларға көп ақша табуға мүмкіндік берді, өте күшті трендтер байқалды. Бірақ келесі жылы нарықта мұндай жағдай болмайды деген пікірде сарапшылар.

Швейцарияның UBS банкі өзінің UBS Year Ahead 2020 деп аталатын жылдық есебін жариялады. Онда арзандап жатқан доллар мен алтын бағасының қымбаттауы нарыққа әсер ететіні туралы жазылған. 

Банк сарапшыларының айтуынша, келесі жылы Құрама Штаттарда өтетін сайлау әлемдік активтердің құнына әсер етпек. 

Америкалық нарық MSCI All Country деп аталатын жаһандық индекстің жартысынан көбісін құрайды. Қазынашылық облигациялар әлемдегі барлық валюталар үшін ең негізгі бағдар саналса, доллар әлі де ең негізгі резервтік валюта ретінде қолданылып жүр. 

2020 жылы америкалық компаниялардың акциялар бойынша кірісі 5%-ға өссе, Еуроаймақта бұл көрсеткіш 3%-ға дейін төмендейді. Ал дамушы нарықтарда, керісінше, кіріс 6%-ға артады. Бұл туралы Investing.com басылымы хабарлады. 

Швейцариялық банк эмитенттердің құнды қағаздарын таңдауға кеңес беріп отыр. Өйткені бұлар жергілікті өндіріске бағытталған және жаһандық саяси өзгерістерге тәуелді емес. 
Егер Трамп сайлауда жеңіске жетсе, бұл америкалық компаниялардың қазіргі мәртебесін сақтап қалуға көмектеседі. Ал демократиялық партия атынан шыққан үміткер билікке келсе, салық мөлшері өсіп, экологияға қатысты заң жобасы қатаңдатылады. Сондай-ақ денсаулық сақтау саласында да реформа жасалады. 

Америкалық-қытайлық сауда келісімінің жоқтығы мен АҚШ-тағы саяси жағдай инвесторларды тәуекелді хеджирлеуге мәжбүр етуі мүмкін. Осылайша капиталды сақтап қалуда алтын маңызды рөл атқармақ. 

Табиғат Нұрболат 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу