Биыл НАТО-ға мүше елдердің әскери шығынға жұмсайтын қаражатының көлемі 1,09 трлн долларға жетті. Былтыр 61 млрд долларға аз болған еді. Бұл туралы альянстың әскери шығындар туралы статистикалық баяндамасында жазылған. Оның 784,95 млрд доллары АҚШ-қа, 307,53 млрд доллары Еуропа елдері мен Канадаға тиесілі.
Биыл Канада мен альянстың еуропалық мүшелері қорғанысқа жұмсалатын қаржы көлемін арттырған. НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенбергтің айтуынша, бұл елдер былтырғыға қарағанда 4,3%-ға көбірек қаражат бөлген және Канада мен Еуропа елдері әскери шығындарын осымен алты жыл қатарынан өсіріп отыр. Сонымен қатар Столтенберг одақ елдері алдағы уақытта да осы қарқында инвестициялайтынын және олардың операцияларға қатыса беретінін айтты.
Табиғат Нұрболат
Фото: nato.int