2020 жылы өңіраралық ынтымақтастық форумы Көкшетауда өтеді

1112

Қазақстан Президенті өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысу үшін Омбыға ұшып келді.  

2020 жылы өңіраралық ынтымақтастық форумы Көкшетауда өтеді

Омбыда "Шекара маңы ынтымақтастығын дамытудың өзекті мәселелері" атты Қазақстан мен Ресей арасындағы XVI өңіраралық ынтымақтастық форумы аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Форум Қазақстан мен Ресей қалаларында 2003 жылдан бері тұрақты түрде өтіп келеді. 2020 жылы өңіраралық ынтымақтастық форумы Көкшетау қаласында өтеді. Мұндай ұсынысты Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

"Екі елдің өзара іс-қимылының маңызды бағыттарының бірі - экология және сол саламен байланысты мәселелер. Экологиялық проблемалар, өздеріңіз білетіндей, мемлекеттік шекараға қарамайды. Біз экология мәселесін біріге шешуіміз керек. Сондықтан мен келесі форумның тақырыбын "Экология және жасыл өсім саласындағы ынтымақтастық" деп белгілеп, оны 2020 жылы Көкшетау қаласында өткізуді ұсынамын", – деді Мемлекет басшысы.

Форумды қортындылай келе Қасым-Жомарт Тоқаев үлкен көлемде практикалық жұмыстар атқарылуы керек екенін атап өтті.

"Өңіраралық ынтымақтастықты кеңейтудің перспективалары мен мүмкіндіктері нақтыланды, болашақтағы жоспарлар айқындалды. Үкіметаралық деңгейде де, өңірлерімізде де 20-дан астам ынтымақтастық туралы келісім жасалды. Форумға тек шекаралас облыстардың ғана емес, сонымен бірге бір-бірімен белсенді араласатын алыс аймақтардың делегациялары қатысты. Ең бастысы, трансшекаралық және өңіраралық ынтымақтастықты нығайту мен кеңейтудің тиімді құралы ретіндегі маңыздылығын күшейтті", – деп түйіндеді Мемлекет басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу