2020 жылы өтетін жазғы Олимпиада ойындарына билет сату басталды

1873

Келесі жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарында 11 мыңнан астам спортшы 33 спорт түрі бойынша сынға түседі.

2020 жылы өтетін жазғы Олимпиада ойындарына билет сату басталды

Жапонияда 2020 жылы өтетін жазғы Олимпиада ойындарына билет сату басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат The Japan Times сілтеме жасап.

Енді ел тұрғындары 2020 жылғы Олимпиада билеттері ойнатылатын лотереяға қатысу үшін тіркеле алады. Тіркеу бейсенбі күні басталды және ол 28 мамыр күні аяқталады. Лотерея нәтижесі 20 маусымда жарияланады.

Келесі жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарында 11 мыңнан астам спортшы 33 спорт түрі бойынша сынға түседі. Ал Паралимпиада ойындарына 22 спорт түрі бойынша 4400 спортшы қатысады деп күтілуде. 

XXXII жазғы Олимпиаданың ерекшелігі - бағдарламаға жаңа спорт түрлерінің енгізілуінде. Олар - каратэ, скейтбординг, жартасқа өрмелеу және серфинг.

Қазіргі таңда аталмыш лотереяға тек Жапония тұрғындары қатыса алады. Ал шетелдіктер билетті ресми дилерден немесе Олимпиада комитетінің өз елдеріндегі филиалынан сатып алуына болады. Жоспарлау жөніндегі комитеттің мәліметінше, бүгінге дейін 2,13 млн адам тіркелген.

Жоспарлау комитеті маркетинг бөлімінің жауапты маманы Хидэнори Судзукидің сөзіне сенсек, бүгінде 7,8 млн билет сатылымға шығарылған. Дегенмен, бұл көрсеткіш Олимпиаданың ашылу салтанатына дейін, тіпті іс-шара өтіп жатқан кезде де өзгеріп кетуі мүмкін. Судзукидің айтуынша, барлық билеттердің 20-30 пайызы Жапонияда тұрмайтын адамдар үшін кейінге алып қалынады.   

Өткен жылдың маусымында Токио-2020 ұйымдастырушы комитеті билет бағасы 2500 иен (22,77 АҚШ доллары) мен 300 000 иен (2733 АҚШ доллары) аралығында болатынын мәлімдеген еді.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу