2020 жылы Шымкент қаласы ТМД-нің мәдени астанасы болмақ

2649

2020 жылы Шымкент қаласы ТМД-нің мәдени астанасы болмақ

Шымкент 2020 жылы ТМД елдерінің мәдени астанасы болады. Бұл туралы Өзбекстан астанасы Ташкентте ТМД елдерінің сыртқы істер министрлер кеңесінің кезекті мәжілісінде айтылды, деп хабарлайды shymkenttv.kz.
"ТМД елдерінің мәдени астанасы" бағдарламасын жүзеге асыру туралы шешім бірден қабылданды. Осы құжатқа сәйкес, енді 2018 жылы Алманияның Горис қаласы, 2019 жылы Белорусияның Бресті, ал, 2020 жылы Қазақстан жағынан Шымкент шаһары ТМД мәдени астанасы мәртебесіне ие болады. Миллиондар қаласы алдағы 3 жылда адам танымастай түлемек. Шаһар шырайын кіргізетін "Шымкент - Сити" жобасы жүзеге асады. Талайлар тамсанатын қалаға айналады. Қазір бұл бағыттағы жұмыс жанданған. "Шатқал" бағдарламасы бойынша егілген тал-дарақтар 2020 жылға дейін жайқалған жасыл желекке айналады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу