Өткен жылы "Теңізшевройл" мұнай компаниясы 26,5 млн тоннадан аса мұнай өндірді. Бұл шамамен 211,13 млн баррель, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"2020 жылы ТШО 26,5 млн тонна мұнай өндірді. Бұл Қазақстанда жалпы өндірілген мұнайдың 35%-ы. Осылайша кен орнын ұлғайту бойынша жобаның 80%-ын аяқтады", – деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар былтыр компания 1,487 мың тонна тонна сұйытылған газ, 7,3 млрд текше метр құрғақ газ, 2,5 млн тонна күкірт сатқан.
"2020 жылы компания суды қайта пайдалану көрсеткішін 49,2%-ға арттырды. 2000 жылдан бері компания кен орнындағы өндірістің қоршаған ортаға әсерін төмендететін жобаларға 3,1 млрд доллардан аса қаражат салды", – деп жазылған хабарламада.
Құралай Құдайберген