2020 жылы Ұлттық банк өз мандатын Қаржылық нарықты реттеу мен дамыту агенттігіне береді

1770

Агенттік тікелей Мемлекет басшысына есеп береді – Ерболат Досаев. 

2020 жылы Ұлттық банк өз мандатын Қаржылық нарықты реттеу мен дамыту агенттігіне береді

Ұлттық банк қаржы нарығын реттеу бойынша мандатын жаңа тәуелсіз орган - Қаржылық нарықты реттеу мен дамыту агенттігіне береді. Бұл туралы реттеуші төрағасы Ерболат Досаев мәлімдеді.

"Біздің стратегиялық мақсатымыз – қаржы ұйымдарының тиімділігін арттырып, бәсекеге қабілетті және мықты қыржылық сектор құру. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ұлттық банк аталған нарықты реттеу бойынша мандатын жаңа тәуелсіз құрылым - Қаржылық нарықты реттеу мен дамыту агенттігіне береді",-деп мәлімдеді Ерболат Досаев Алматыда өткен "Қаржы нарығы және Қазақстан экономикасының шынайы секторы" конференциясында.

Ерболат Досаевтың сөзінше, агенттік тікелей Елбасына есеп беретін болады.

"Агенттік, Ұлттық банк пен үкімет Қаржылық тұрақтылық бойынша кеңес арқылы әрекеттеседі. Аталған орган дағдарыстардың алдын алу мен шешу, қаржылық тұрақтылық бойынша мәселелерді  реттейді",-деді Ерболат Досаев.

Сонымен қатар, Ұлттық банк басшысы қаржылық сектормен тиімді байланыс орнату үшін агенттік Алматыда орналасатынын айтты.  Бұл Алматыға қаржы орталығы статусын сақтап қалуға мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу