2020–2024 жылдарға болжам жасалды

1389

Ұлттық экономика министрі атап өткендей, сыртқы параметрлердің өзгерістеріне байланысты Қазақстан экономикасының дамуының үш мүмкін болатын сценариі қарастырылған. 

2020–2024 жылдарға болжам жасалды

ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов 2020–2024 жылдарға арналған Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ұсынды, деп хабарлайды  primeminister.kz.

Ұлттық экономика министрі атап өткендей, сыртқы параметрлердің өзгерістеріне байланысты Қазақстан экономикасының дамуының үш мүмкін болатын сценариі қарастырылған. Болжам мен бюджеттік параметрлерді қалыптастыру негізіне базалық сценарий алынған. Ол мұнай бағасын $55 көлемінде шамалайды. Нақты ЖІӨ өсімі 2020 жылы 4,1% деңгейінде болжалып отыр. 2024 жылы ол 4,7%-ға жетеді. 5 жылда ЖІӨ өсімінің орташа жылдық қарқыны 4,4% құрайды. 

Министрдің айтуынша, мұнай өндіру көлемі 2020 жылы 90 млн тоннадан 2024 жылы 100 млн тоннаға дейін өседі. Бұл Теңіз, Қарашығанақ, Қашаған кен орындарын кеңейту, сондай-ақ Теңіз кен орындарын пайдалануға беру жобалары есебінен мүмкін болады. 

Номиналды жалпы ішкі өнім 2020 жылы 75 трлн теңгеден 2024 жылы 106 трлн теңгеге дейін өседі. 

Жан басына шаққандағы ЖІӨ 2020 жылы $10,5 мың құрайды, 2024 жылы $14,3 мыңға дейін ұлғаяды.

Экспорт орташа қарқынмен 2,9%-ға өсіп, 2024 жылы $63 млрд-қа жетеді. Орташа жылдық импорт өсімі 2,5% деңгейінде қалыптасып, 2024 жылы $37 млрд құрайды. 

2020-2021 жылдары жылдық инфляцияның мақсатты дәлізі 4-6% шегінде сақталған. 2022-2024 жылдары — 3-5%. Жұмыссыздық 2024 жылы 4,7%-ға дейін төмендейді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу