2021 жылдан бастап латын қарпімен толтырылған жеке куәлік беріле бастайды

958

2021 жылдан бастап латын қарпімен толтырылған жеке куәлік беріле бастайды

ҚР спорт және мәдениет министрі қазақ әліпбиін кириллицадан латынға көшірудің жоспарын түзді. Бұл туралы спорт және мәдениет вице-министрі  Ерлан Қожағапанов айтты, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.

Оның айтуынша, жоспар бойынша алғашқы кезеңде латын графикасымен жазудың ережесі ендіріледі, сонымен қатар кириллицадан латынға көшіретін қосымша жасалады.
"Екінші кезең - 2021-2023 жылдары мемлекеттік тілде латын қарпімен жазылған паспорт, жеке куәлік пен өзге де құжаттарды беру қамтамасыз етіледі", - деді ол.

Сонымен қатар бұл кезеңде филологтар мен лингвистерді тарту арқылы ересектер мен орталық оқытушыларына дәрістер, курстар ұйымдастырылады
"Үшінші кезең 2024-2025 жылдар.  Бұл кезеңде жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік БАҚ пен мемлекеттік басылымдарды латын графикасына көшіру қамтылады. Сонымен қатар кезең-кезеңімен білім ұйымдарының ісқағаздарын латынға көшіру жоспарлануда", - деп қосты вице-министр.

Оның сөзінше, барлық жұмыстарды үйлестіру үшін "Тіл Қазына" орталығы құрылады.

Еске сала кетсек, өткен жылдың қазанында елбасы қазақ әліпбиін латынға көшіруге қатысты қаулыға қол қойған болатын. Құжатта латын графикасына көшуді 2025 жылға дейін кезең - кезеңімен жүзеге асыру қарастырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу