Қызылорда облысында халықаралық іздеуде жүрген күдікті қолға түсті, деп хабарлайды inbusiness.kz ІІМ ақпараттық порталына слтеме жасап.
"19 қыркүйек күні Қызылорда облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру жұмыстары барысында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігінің 11-тармағымен (Адам өлтіру) күдікке ілініп, тергеуден бой тасалап, 2021 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген Қызылорда қаласынын тұрғыны құрықталды",- деп жазады ақпарат көзі.
2021 жылы күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланған. Жедел уәкілдер күдіктіні қала аумағындағы жалдамалы пәтердің бірінде жасырынып жатқан жерінен ұстаған. Қазіргі уақытта ол Қызылорда қалалық ПБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.