Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің биылғы жолдауында мемлекеттік қызметтегі кадр мәселесіне баса назар аударды. Осы орайда ол келесі жылы факторлық-балдық шкала енгізілетінін мәлімдеді.
"2021 жылдың 1 шілдесінен бастап факторлық-балдық шкала енгізу керек. Бұл мемлекеттік қызметкерлердің жауапкершілігі мен мотивациясын нығайтады", – деген Президент осыған дейін құрылған жауапты хатшылар институтының жұмысына тоқталды.
"Жауапты хатшылар институтын енгізгенде олардың ауыспауы министрлерді әкімшілік-кадрлық жұмыстардан босатады, аппараттың тұрақтылығын қамтамасыз етеді деп болжанған. Алайда іс жүзінде олай болған жоқ. Бұған қоса министрлер мен жауапты хатшылар арасында түсініспеушілік туатын жағдайлар жиі кездеседі. Нәтижесінде ортақ іске нұқсан келеді. Бір адам жауап беру керек. Ол – Президет тағайындаған министр. Сондықтан жауапты хатшылар институтын қысқарту қажет. Олардың міндеттемелерін министрліктер аппараттарының жетекшілеріне жүктеу керек", – деді Президент.
Құралай Құдайберген