2021 жылдың екінші тоқсанынан бастап Алматы әуежайы түрік компаниясының иелігіне өтеді

1053

Құжаттар рәсімдеу карантинге байланысты кешіккен. 

2021 жылдың екінші тоқсанынан бастап Алматы әуежайы түрік компаниясының иелігіне өтеді

TAV Airports компаниясы 2021 жылдың екінші тоқсанында Алматы әуежайын, деп хабарлайды inbusiness.kz түрік компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Алматы әуежайындағы акцияларды сату-сатып алу туралы келісімге қол қойылғаннан кейін біз акцияларды беру үшін қажетті бірқатар заңды және қаржылық шарттарды орындау үшін жұмыс жасадық. Өкінішке орай, бұл алғышарттарды орындау біз болжағаннан ұзаққа созылды. Бұл кешігулер карантиндік шектеулердің сапарларды тежегендіктен орын алды", деді компанияның бас атқарушы директоры Сани Шенер.

Спикердің айтуынша қазіргі уақытта бұл алғышарттардың барлығы дерлік орындалған.  Сонымен қатар Халықаралық қаржы корпорациясы (IFC) мен ЕҚДБ жобаны қаржыландыруға алдын-ала келісім берген. 

"Қазіргі уақытта белгілі бір экологиялық жағдайларға байланысты орындалмаған шарт қалды. Біз бұл бағытта әлі де жұмыс істеп жатырмыз. Осы алғышарт орындалғаннан кейін әуежайды басқару бізге өтеді. Ол шамамен 2021 жылдың II тоқсанында", - деді Шенер.

Бұдан бұрын хабарланғандай, TAV Airports холдингі Алматы халықаралық әуежайы аумағында жүк мультимодальды хаб құруды жоспарлап отыр және Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) әуежайды қайта құруға 229,4 млн доллар көлемінде несие береді.

Атап айтқанда, жоба жаңа жолаушылар терминалының құрылысы мен TAV Airports бастаған инвесторлар консорциумының әуежайды және "Venus Trading" ЖШС жанармай шығаратын компанияны сатып алуды қайта қаржыландыруға қаражат бөлуді қарастырады.

Жалпы Алматы әуежайын қайта құру жобасы меншік капиталы мен қарыз есебінен қаржыландырылады деп күтілуде.  Жобаның жалпы құны 737,822 млн долларға бағаланды. Әуежай терминалын кеңейту шеңберінде Алматы әуежайының VIP терминалының қолданыстағы ғимаратын көшіру жоспарланып отыр.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу