2021 жылы Ақтөбеде жаңа электростанция ашылады

1708

Жобаны "Қазхром" мен "Еуразиялық топ" қаржыландырмақ.  

2021 жылы Ақтөбеде жаңа электростанция ашылады

"Қазхром" трансұлттық компаниясы" АҚ 2021 жылы Ақтөбе қаласында жаңа электр станциясын іске қоспақ. Жобаның құны 38,5 млрд теңгеге бағалануда.

"Электр станциясын "Қазхром" мен "Еуразиялық топ" бірлесіп салады", – деді облыстық индустриалды – инновациялық даму басқармасы мамандары. 

Аталған станция Ақтөбедегі ферроқорытпа өндіретін зауытты электр қуатымен қамтымақ. Сондай-ақ ол ферроқорытпа газы негізінде жұмыс істейді. Алдын ала жасалған болжам бойынша электр станциясы жылына 46,4 МВт электр қуатын өндіреді.

"Бүгінде жобаның техника-экономикалық негіздемесі жасалып жатыр. Одан бөлек жобалық-сметалық құжаттар дайындалып, негізгі және бөлшек инжиниринг, монтаждық құрылдарды жеткізетін мекемелер анықталуда",  – деді  басқарма мамандары.

Естеріңізге сала кетсек,  "Қазхром" ТҰК" АҚ төрт өндірістік құрылымның басын біріктіреді. Олар:  Дон тау-кен байыту комбинаты (Ақтөбе облысы, Хромтау қаласы), "Қазмарганец" кен басқармасы (Қарағанды облысы), Ақсу (Павлодар облысы) және Ақтөбе ферроқорытпа зауыты. Компанияда  19 мың адам жұмыс істейді.

"Еуразиялық топ" – табиғи ресурстарды өндіру мен өңдеу, энергетика, логистика және маркетинг салалары бойынша қызмет көрсететін әлемдегі ірі компаниялардың бірі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу