2021 жылы білім беру гранттарының саны 5 мыңға артады

1379

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz

2021 жылы білім беру гранттарының саны 5 мыңға артады

"Келесі оқу жылына бакалавриат бағдарламасы бойынша 51 561 грант бөлінді, оның ішінде "Серпін"бағдарламасы бойынша. Сонымен қатар "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі жол картасы шеңберінде тағы 5000 грант бөлу қарастырылған. Бакалавриат бағдарламасы бойынша гранттардың жалпы саны 56 561 грантты құрайды, магистратура бойынша - 13 263, докторантура – 1890. Кадрлар даярлауға арналған гранттар қажетті бағыттар бойынша бөлінеді", – деп атап өтті ведомство басшысы.

Сондай-ақ Асхат Аймағамбетов жоғары білімнің қолжетімділігін арттыру үшін 2025 жылға дейін гранттар саны 50%-ға артатынын атап өтті. Айта кеткен жөн, жыл сайын жас ғалымдарға 1000 грант бөлінеді. Ал 500 қазақстандық ғалым "Болашақ" бағдарламасы аясында танымал әлемдік ғылыми орталықтарға тағылымдамадан өту үшін жіберілетін болады.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу