2021 жылы Brent маркалы мұнай бағасы 50 долларға дейін қымбаттайды

1260

 Алдағы уақытта қара алтын бағасы тек артатын болады дейді мамандар.

2021 жылы Brent маркалы мұнай бағасы 50 долларға дейін қымбаттайды

Биылғы жылы эталон маркалы мұнайдың бағасы 42 доллар шамасында болса, 2021 жылы ол 50 долларға дейін жетуі мүмкін. Сарапшылардың пайымы осындай, деп хабарлайды Atameken Business. 

Жыл басынан басталған келеңсіз жағдайлардың салдарынан, мұнай өндіруші елдер осы уақытта ең қиын кезеңді бастан өткерді. Алдағы уақытта қара алтын бағасы тек артатын болады дейді мамандар.

Биылғы жылдың 2 тоқсанында мұнай бағасы орта есеппен 31 доллар 44 цент шамасында болған. Осы тұста ОПЕК+ ке мүше елдер шикізат өндіруді мейілінше қысқартып, оның бағасын көтеруді жоспарлап отыр. Қазіргі таңда мұнай бағасы сарапшылар бекіткен 40 доллардан 2 долларға асып түсті. Ал жыл соңына дейін, яғни 4 тоқсанда Brent -тің бір баррелі 45 доллар шамасына тұрақтайды.

Айта кету керек, ОПЕК елдері бұған дейін мұнай өндірудің көрсеткіштерін 30 жылдық минимумға дейін шегерген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу