2021 жылы экономикада қандай факторларға басымдық беріледі?

820

Бұл сауалға Ельдар Әбдіразақов жауап берді. 

2021 жылы экономикада қандай факторларға басымдық беріледі?

Алматыда қазақстандық және шетелдік бизнес-элитаның басын қосатын дәстүрлі Kazakhstan Growth Forum жыл сайынғы саммиті басталды. Шараны әдеттегідей формум төрағасы Ельдар Әбдіразақов ашты. Экономикадағы 2020 жылғы негізгі тенденцияларды атап өткен баяндамашы биылғы жылдың басым бағыттарына тоқталды. 

"2020 жыл ресурстық және экспорттық экономикамен тығыз байланысты болды. 
Ал 2021 жылғы міндеттердің ішінде келесі факторларға баса назар аударылады деп есептеймін. Біріншісі, тиімділік. Бұл бағытты үш қана сөзбен сипаттауға болады. Олар инфекция, инфляция, инерция. Екіншісі, цифрландыру. Үшіншісі, интеграция. Бұл үшін бізге серіктестер, жанжақты байланыс орнату керегі анық. Ал даму перспективалары 4 бағытпен тығыз байланысты. Олар басымдықтар, өнімдер, тұтынушылар, серіктестер", – деді спикер. 

Сонымен қатар ол 2022 жылға болжамымен бөлісті. 
 
"Алдағы жылы цифрландырудың нәтижесінде сіздің көңіл-күйіңіз туралы отбасыңызға қарағанда смартфоныңыз көбірек білетін болады", – деп алғысөзін түйіндеді спикер. 

Айта кететіні Kazakhstan Growth Forum шеңберінде ең үздік компания басшылары бірнеше номинация бойынша марапатталады. Мәселен, "Жылдың үздік жетекшісі", "Жыл мәмілесі", "Жыл трансформаторы". Жеңімпаздар нарықтағы оң динамика, өнімділік, қызметтің ашықтығы, инновациялар, корпоративтік мәдениет, әлеуметтік бастамалар сынды 5 талап бойынша анықталады. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу