2021 жылы ел аумағында 139 радиотелестансасы салынады

778

Қазақстан аумағын цифрлық эфирлік телехабар тарату желісімен қамтамасыз ету деңгейі бүгінде 90,96%-ды құрайды. А 2022 жылға қарай бұл көрсеткіш 95 пайызға жетпек. Бұл туралы tsetv.kz хабарлады.

2021 жылы ел аумағында 139 радиотелестансасы салынады

"Цифрлық эфирлік телерадио хабарын тарату желісіне еліміз 2012 жылдан көше бастады. Соның арқасында бұрын бірнеше телеарна тамашалап отырған шалғай өңірлердің тұрғындары жоғары сапада 15 арнаға дейін көру мүмкіндігіне ие болды", – дейді "Қазтелерадио контактілері" АҚ хабарламасында. 

Жоғары сапалы цифрлық телехабар тарату үшін радиотелевизиялық стансалар санын арттыру қажет. Қазіргі уақытта жобаға енгізілген 827 стансаның 543-і салынған. Оның ішінде биыл 68 цифрлық радиотелевизиялық станса іске қосылған: 13-і – Солтүстік Қазақстанда, 16-сы – Қызылордада, 6-ауы – Шығыс Қазақстанда, 5-еуі –  Ақтөбеде, 4-еуі – Ақмола облысында, 16-сы – Қарағанды және 8-і – Атырау облыстарында.

"Биылғы желтоқсан айында Қарағанды облысында тестілеу режимінде 5 радиотелестанса іске қосылды, жыл соңына дейін тағы үшеуін қосу жоспарда бар", – дейді мамандар.  Олар тау, тасты өңірлерде де радиотелевизиядық станса салынады деп уәде етіп отыр.

Ал келесі жылы 87 радиотелестанса құрылысы аяқталып, жаңадан 139 станса салу көзделген. Алматы қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысында аналогтық телехабар тарату желісі 2021 жылдың ақпан айына дейін тоқтайды деп жоспарланған. Сонымен қатар, 2021 жылдың 1 желтоқсанына дейін Қарағанды облысы мен Нұр-Сұлтан қаласы толығымен цифрлық форматқа көшпек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу