2021 жылы елімізде бала туу бойынша рекордтық көрсеткіш тіркелді

1623

450,7 мыңға жуық бала дүниеге келген, бұл- тарихи максимум.  

2021 жылы елімізде бала туу бойынша рекордтық көрсеткіш тіркелді

2021 жылы ішінде туу көрсеткіші 2020 жылмен салыстырғанда 25 мың адамға немесе +5,9% өсті, деп хабарлайды inbusiness.kz  Бірінші кредиттік бюроның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

2021 жылы туған әрбір екінші бала Қазақстанның оңтүстігінде дүниеге келген, жалпы үлесі 55% құрайды. 

Солтүстік облыстарда дүниеге келгендер (Нұр-Сұлтанды қоса алғанда)  16% ғана.

Бюроның мәліметінше тек туу көрсеткіші өскен жоқ.  2021 жылы  Қазақстанда 183,4 мың адам қайтыс болды, бұл бір жыл бұрынғыдан 12,8%-ға (немесе 20,7 мың) артық.  2019 жылмен салыстырғанда  қайтыс болғандар саны 37,4%-ға (немесе 49,9 мың) өсті.

 Осылайша, туу көрсеткішінің артуы халықтың табиғи өсіміне іс жүзінде әсер еткен жоқ.  Өткен жылдың қорытындысы бойынша 267,3 мың адамды құрады, бұл соңғы 8 жылдағы орташа деңгейге сәйкес келеді.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу