2021 жылы елімізде полипропилен шығаратын кәсіпорын іске қосылады

525

Атырау облысында ел тарихындағы алғашқы полипропилен шығаратын газхимиялық кешенді салу жұмыстары жүргізілуде.  

2021 жылы елімізде полипропилен шығаратын кәсіпорын іске қосылады

Өңір басшысы Махамбет Досмұхамбетовтың сөзінше, бұл – көрші елдерге полипропилен тасымалдайтын ең ірі кәсіпорын болады. 

"Мемлекет басшысы жолдауында өңірге инвестиция тарту туралы тапсырмалар жүктеді. Облыста жүзеге асырылып жатқан осындай инвестициялық жобалардың бірі – KPI компаниясы қолға алған полипропилен шығаратын газхимиялық кешен. Жобаға 2,6 млрд доллар қаржы инвестицияланды. 500 мың жаңа жұмыс орны құрылады. Ал кәсіпорынды салу кезеңінде 30 мыңнан аса жұмыс орны құрылды. Жобаны 2021 жылдың соңында іске қосу жоспарланған", – деді облыс басшысы. 

Айта кететіні, полипропилен – әлемде ең жоғары сұранысқа ие полимер саналады. Ол пластиктің заманауи түрлері мен машина жасау, тамақ өнеркәсібі, медицина мен жиһаз, құбыр шығару үшін қолданылады. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу