2021 жылы елордаға 31,9 мың адам қоныс аударған

917

Ал Алматыға 29,3 мың адам көшіп келді. 

2021 жылы елордаға 31,9 мың адам қоныс аударған

Былтыр соңғы 4 жылда алғаш рет Нұр-Сұлтан ішкі мигранттар үшін Алматыдан да тартымды болды, деп жазды inbusiness.kz Бірінші кредиттік бюроға сілтеме жасап. 

Елордадағы 2021 жылғы ішкі көші-қон балансы 31,9 мың адамды құрады, ал Алматы қаласының тұрғындары көшіп келушілердің есебінен 29,3 мың адамға өсті. Айтпақшы, бұл 2014 жылдан бергі ең төменгі көрсеткіш.

Алматыда көрсеткіштердің төмендеуіне Алматы (36,2 мыңнан 30,4 мың адамға) және Жамбыл (8 мыңнан 6,5 мың адамға) облыстарынан көшіп келушілер санының төмендеуіне байланысты болды. Бұл ретте басқа қалалардан Алматы облысына (16,5 мыңнан 19,3 мың адамға) және сол Нұр-Сұлтанға (4,66 мыңнан 4,83 мың адамға) қоныс аударғандар саны өсті.

Елордаға келетін болсақ, астана Ақмола (+1,4 мыңнан 15,1 мың адамға дейін) және Қарағанды (+0,7 мыңнан 7,3 мың адамға дейін) облыстарының тұрғындары үшін тартымды бола түсті. Нұр-Сұлтаннан көшіп кетушілер саны азайды. 2020 жылмен салыстырғанда 16 облыстың 14-інде халықтың көшіп кету көрсеткіші төмендеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу