2021 жылы Қарағанды облысында 19 мың адам газбен қамтылады

535

Желілерді "ҚазТрансГаз" АҚ-ға сенімгерлік басқаруға беру рәсімі басталды.

2021 жылы Қарағанды облысында 19 мың адам газбен қамтылады

Бұл туралы Үкімет отырысында Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек мәлім етті. Оның сөзінше өңірде "Сарыарқа" газ құбыры арқылы 114 елді мекенге газ тарту жоспарланған. 

"Бірінші кезеңде үш қалада 3 мыңға жуық үй газбен қамтылады. Қазіргі уақытта Теміртау және Жезқазған қалаларында қабылдау актілеріне қол қойылды және құрылыс жұмыстары аяқталды. Желілерді "ҚазТрансГаз" АҚ-ға сенімгерлік басқаруға беру рәсімі басталды. Осыдан кейін тұтынушылардың дайындығына қарай 1056 үй үшін газбен қамтамтылады", - деді облыс әкімі. 

Өңір басшысының сөзінше, Қарағанды қаласында құрылыс жұмысының 70%-ы аяқталған. Құбыр тарту жұмыстарын аяқтау 2021 жылдың мамыр айына жоспарланған. 

"Нысан іске қосылғаннан кейін 1 865 үй көгілдір отынмен қамтылады. 2021 жылы Қарағанды, Теміртау және Жезқазған қалаларындағы 3 800 үйді қамти отырып, 2-ші іске қосу кешені құрылысын бастау көзделген. 2021 жылы Жаңарқа, Осакаров аудандарына және Шахтинск қаласында газбен жабдықтау желілерінің құрылысы басталады. Бірінші кезең 3 мыңнан астам үйді газдандыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ 2021 жылы Саран қаласының Ақтас және Дубовская кенттерін газбен жабдықтау үшін жеткізуші газ құбырын салуды жоспарлап отырмыз. РТИ зауыты базасында салынып жатқан 2 кәсіпорынға газ тартылады. Нәтижесінде 2021 жылы шамамен 19 мың адам газбен қамтылады. Жобаға толық қаржы бөлінген жағдайда 2030 жылға қарай облыстың 1 млн 100 мың тұрғыны газға қол жеткізеді", - деді өңір басшысы. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу