2021 жылы Қазақстан биатлоннан ашық Азия чемпионатын қабылдайды

517

Қазақстанда алғаш рет биатлоннан Жасөспірімдер арасындағы ашық Азия біріншілігі ұйымдастырылады. 

2021 жылы Қазақстан биатлоннан ашық Азия чемпионатын қабылдайды

2021 жылы Щучинск қаласында биатлоннан жасөспірімдер арасындағы ашық Азия чемпионаты өтеді. Бұл туралы Қазақстан биатлон федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Olympic.kz хабарлайды. 

"Балалар мен жасөспірімер спортын қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарлама аясында Қазақстанда алғаш рет биатлоннан Жасөспірімдер арасындағы ашық Азия біріншілігі ұйымдастырылады. Тығыз әріптестік нәтижесінде Халықаралық биатлоншылар одағынан (IBU) ресми түрде келісім алынды. Халықаралық жарысты Щучинсктегі шаңғы-биатлон кешені қабылдауға дайын. Аталған кешен халықаралық стандарттарға толығымен сай келеді", - делінген хабарламада. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу