Қытай 2021 жылы 654 мың 5G станциясын салды, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚХР Өнеркәсіп және ақпараттандыру министрлігіне сілтеме жасап.
Министрліктің бас инженері Тянь Юйлунның айтуынша, қазіргі уақытта осындай 1,43 миллион станция жұмыс істеп тұр. 5G желілері аймақтарды түгелдей дерлік қамтыған. 5G технологиясы бар смартфондардың сатылымы 2021 жылы 63,5%-ға өсті. Былтыр олардың 266 миллион данасы сатылды.
Қытайдың "5G + өнеркәсіптік интернет" стратегиясында 10 негізгі секторда, соның ішінде тау-кен, болат және энергетика салаларында бұл технологияны қолдану жан-жақты қарастырылған. Осы жылы да министрлік 5G станцияларының санын арттыруды жоспарлап отыр.
Табиғат Нұрболат