Мемлекеттік қызмет істері агенттігі өткен жылы биыл мемлекеттік қызметкерлер санын 10 пайызға, ал 2021 жылы 15 пайызға дейін қысқартамыз деген. Жалпы ағымдағы кезеңде қысқартылған шенеуніктердің саны 25 пайызға жетуге тиіс деп еді. Мемлекет басшысы да осы жұмысты мықтап қолға алу керек дегені есте.
Әкімдіктен не министрліктен жауап ала алмай жүргендер көп-ақ. Солардың бірі – Атыраудағы зағип жандар. Олар өздерінің көмекшілеріне төленетін төлем "дұрыс есептелмейді" деп жүргендеріне біраз болған. Содан бері талай әкім ауысқан, алайда ешбірінен нақты нәтиже жоқ. Жауаптылардың жауапсыздығынан шаршаған жанмен өңірдегі арна тілшісі Динара Жоламанқызы кездесіп қайтты: