2021 жылы Нұр-Сұлтан қаласының елді мекеніне ауызсу жеткізіледі

729

Қазір магистральді су құбыры құрылысы басталды.  

2021 жылы Нұр-Сұлтан қаласының елді мекеніне ауызсу жеткізіледі

Елорданың бірқатар елді мекендерінде инфрақұрылымды дамыту мәселелері бар. Интернациональный елді мекенінде бірінші кезекте жарықтандыру, аялдамалар орнатылып, автобус маршруттарының қосымша саны іске қосылады. Қазір магистральды су құбыры құрылысы басталды. Магистральді су құбыры аяқталғаннан кейін кварталішілік желілер үйлерге өткізіледі. Бұл жұмыстарды 2021 жылы аяқтау жоспарланған. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өзінің Инстаграм парақшасында жазды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

"Елордада 16 елді мекен бар. Оларды орталықтандырылған дамытудан басқа, ауыз су, кәріз, жарықтандыру, жолдар салу және т.б. мәселелерді шешу қажет. Аудан тұрғындары жарықтандыру, нөсер және шаруашылық нәжіс кәріздерін жүргізу, интернет, газдандыру, жолдарды, тротуарларды асфальттау және т.б. сияқты инфрақұрылым мәселелерін көтерді.

Бірінші кезекте жарықтандыру, аялдамалар орнату, автобус маршруттарының қосымша санын іске қосудан бастаймыз. Тұрғындарда орталықтандырылған ауыз су берілмегенін ескере отырып, біз магистральді су құбырының құрылысын бастадық. Магистралді су құбыры аяқталғаннан кейін кварталішілік желілерді үйлерге өткізуге кірісеміз. Бұл жұмыстарды 2021 жылы аяқтауды жоспарлап отырмыз. Жолдарды асфальттауға кіріспес бұрын кәріз және газдандыру жұмыстарын аяқтаймыз. Биылғы жылыту маусымында бірқатар елді мекендер газға көшіріле бастайды. Процесс бірнеше кезеңге бөлінген. Айтылған кездесуде тұрғындар көтерген мәселелер жоспарға алынды.

Осындай кездесулерді барлық елді мекендерде өткізіп, қала тұрғындарының ұсыныстарын қаланы дамыту жоспарына енгіземіз. Тұрғын үй алаптарын дамыту мәселесі Мемлекет басшысының бақылауында", – деп жазды Алтай Көлгінов.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу