2021 жылы "Президенттік жастар кадрлық резервіне" тағы бір конкурстық іріктеу өтеді

829

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанованы қабылдады.  

2021 жылы "Президенттік жастар кадрлық резервіне" тағы бір конкурстық іріктеу өтеді

Анар Жайылғанова Қасым-Жомарт Тоқаевқа агенттік жұмысының негізгі бағыттары бойынша есеп берді, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

Агенттік басшысы әкімшілік-мемлекеттік қызмет бағытындағы кадр саясатын қалыптастыру, мемлекеттік қызметшілердің салалық заңнама мен этикалық нормаларды сақтауын бақылау, сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету сапасының жағдайы туралы баяндады.

Мемлекет басшысы "Президенттік жастар кадрлық резерві" бойынша жұмысты жалғастыруды, оған енген азаматтардың жұмыспен қамтылуына мониторинг жүргізу және резервке кіру шарттарын реттеуді тапсырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылы "Президенттік жастар кадрлық резервіне" тағы бір конкурстық іріктеуді өткізу жөнінде тапсырма берді. Конкурсты өткізу барысында мемлекеттік органдардың қажеттіліктерін ескеріп, іріктелетін кандидаттардың санын қысқарту керек екенін айтты.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу