Коронавирус індетіне байланысты 2021 жылға ауыстырылған Токио Олимпиадасын ұйымдастыру комитеті бақылау жарыстарының жоспарын әзірлеуде.
"Біз Жапония үкіметі және Токио әкімшілігімен бірлесе отырып, COVID-19 індетімен күресу әдістерін талқылаудамыз. Келесі жылдың басында жұмыс одан әрі қыза түседі. Наурыздан бастап бақылау жарыстары басталады", – дейді ұйымдастыру комитетінің өкілі Хидемас Накамура.
2021 жылдың 23 шілдесі мен 8 тамызы аралығында өтетін Токио Олимпиадасында спорттың 22 түрінен 539 жүлделер жиынтығы сарапқа салынады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу