2021 жылы жаңа ақылы жолдар ашылады

1307

Жуық арада елімізде 5.7 мың шақырым жол ақылы режимге ауысады.  

2021 жылы жаңа ақылы жолдар ашылады

ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитетінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 2020 жылдың соңына қарай мына жол бөліктерін тестілік режимде ақылы ету көзделген: 

Шымкент – Өзбекстан шекарасы (Ташкентке); 
Ақтөбе – РФ шекарасы (Орынборға); 
Орал – РФ шекарасы (Самараға); 
Орал – РФ шекарасы (Саратовқа); 
Атырау – Бейнеу – Ақжігіт – Өзбекстан шекарасы; 
Шымкент – Тараз; 
Тараз – Қайнар; 
Қапшағай – Талдықорған; 
Ақтау – Бейнеу; 
Қостанай – РФ шекарасы (Троицкіге); 
Павлодар – РФ шекарасы (Омбыға); 
Ақтөбе – Орал; 
Шымкент – Қызылорда; 
Нұр-Сұлтан – Қостанай; 
Нұр-Сұлтан – Павлодар; 
Павлодар – Семей – Қалбатау; 
Ақтөбе – Қызылорда. 

Ал 2024 жылға қарай Қазақстандағы 10 893 шақырым жол ақылы болады. 

Қолданысқа берілетін жол бөліктеріне шлагбаум қойылмайды. Жүргізушілер RFID-таңбалар сатып алып, шотты толтырып қойса болғаны. 

RFID-таңбалар – көлік нөмірінен қажет мәліметті алуға мүмкіндік беретін бірегей жүйе. Жеке шотқа байланған таңбаның көмеігмен ақылы жолда тоқтамай өтуге болады. RFID құрылғылары 2020 жылдың III тоқсанында іске қосылады. 

Ал әзірше ақылы жол үшін төлем жанасымсыз әдіспен, көлік нөмірі бойынша жасалады. 

Олжас Оқас

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу