2022-2023 жылдарға көмірді тұтыну көлемі шамамен 9,6 млн тоннаны құрайды – ИИДМ

845

Министрлік 2022-2023 жылдарға арналған коммуналдық-тұрмыстық сектор мен тұрғындар үшін көмір өнімдерінің қажеттілік жоспарын қалыптастырды. Осы жоспарға сәйкес көмірді тұтыну көлемі шамамен 9,6 млн тоннаны құрайды. Оның ішінде коммуналдық-тұрмыстық секторға – 2,6 млн тонна, тұрғындарға – 7 млн тонна.

2022-2023 жылдарға көмірді тұтыну көлемі шамамен 9,6 млн тоннаны құрайды – ИИДМ

9 қыркүйектегі жағдай бойынша коммуналдық-тұрмыстық сектор мен халық үшін қажеттілік жоспарына қатысты көмір қорымен қамтамасыз ету 71%-ды құрайды, деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі.

"Жалпы бүгінде разрездерде көмір қоры жеткілікті мөлшерде және өндіру жұмыстары жоспарлы түрде жүзеге асырылып жатыр. Разрездердегі көмірдің бағасы өткен жылғы деңгейде қалды", – деп жазылған хабарламада.

Көмір өндіруші компаниялардың жедел деректері бойынша 2022 жылғы қаңтар-шілде айларында 66,4 млн тонна көмір (көмір концентратын қоспағанда) өндірілді. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 106%-ды құрайды (2021 жылдың 7 ай үшін 62,8 млн тонна). Ірі көмір компаниялары бөлінісінде "Шұбаркөл көмір", "Восточный", "Майкөбе-Вест" және "Қаражыра" разрездерінде өндіріс өсімі байқалады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу