2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасы мәжіліске енгізіледі

768

Үкімет отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев 2022 жылы экономиканың нақты секторын дамытуға 2 трлн теңге жұмсалатынын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасы мәжіліске енгізіледі

Қомақты қаражат "Нұрлы жол", "Нұрлы жер", агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, "Бизнестің жол картасы – 2025", индустриялық-инновациялық даму сынды мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға пайдаланылады. 

"2022 жылы өңірлерге республикалық бюджет қаражаты есебінен 4,5 трлн теңге бөлінеді. Бұл – жалпы бюджет шығысының 28,3%. Бұл жерде 1,8 трлн теңге нысаналы трансферт, 630 млрд теңге даму трансферті. 2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасының негізгі бағыты осындай. Премьер-министр кеңсесімен бірлесе отырып, заң жобасы мәжілістің қарауына енгізуге әзірленеді, – деді Ерұлан Жамаубаев.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу