2022 жылдан бастап шетелдік интернет компанияларға ҚҚС бойынша міндеттеме енгізіледі

982

Бұл туралы Сауда және интеграция вице-министрі Әсел Жанасова мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы.

2022 жылдан бастап шетелдік интернет компанияларға ҚҚС бойынша міндеттеме енгізіледі

Қосымша құн салығы бойынша міндеттеме еліміздің азаматтарына электронды түрде тауарлар сататын және қызметтер көрсететін шетелдік интернет компанияларға енгізілгелі отыр. Вице-министр түсіндіргендей, шетелдік интернет компанияларды міндетті түрде хабарламалық тіркеудің басқа тәртібі қарастырылған. Салық есептілігін ұсыну бойынша міндеттеме алынып тасталған. Сонымен қатар, екінші деңгейдегі банктердің шетелдік интернет компанияларға транзакциялар бойынша мәліметтерді ұсыну мәселесі де қарастырылып жатыр.

"Трансшекаралық электрондық коммерция субъектілеріне, оның ішінде ЕАЭО шеңберінде қосарланған салық салу тәуекелдері бар. Міне, сондықтан біз тауарлармен өзара электронды сауда шеңберінде жанама салықтар алу тәртібін үйлестіру және олардың төленуін бақылау тетігін оңайлатқымыз келеді. Сол үшін ЕАЭО-да тауарлармен ішкі электронды сауда кезінде ҚҚС алу бөлігінде ЕАЭО шартына өзгерістер енгізу мәселесін пысықтап жатырмыз" - деді Әсел Жанасова.

Аян Бекенұлы
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу