2022 жылдан бері Алматыға 6,2 млн турист келді

122

Соңғы 3 жылда Алматыда туризм қарқынды дамып, 91,8% өсім көрсетті.

2022 жылдан бері Алматыға 6,2 млн турист келді Фото: aviontourism.com

Шетелдік туристер саны 4,2 есе, ал ішкі туристер саны 56,3%-ға артты. Саладан түскен салық түсімі 3 есеге көбейді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

2022 жылдан бері қалада 5972 нөмірлік қоры бар 43 қонақүйдің құрылысы жүріп жатыр, 26 туристік жоба жүзеге асуда, оның ішінде 7 жоба 2025 жылы аяқталады.

"Таулы аймақта 1000 шақырымнан астам маршрут цифрландырылды, 750 шақырымнан астам жол көркейтілді, 13 кемпинг аймағы құрылды. Алматы әлемдік туристік бағыт ретінде танылып отыр: The New York Times басылымының "Баруға лайық 52 орын" тізіміне енді, Wanderlust журналының TOP-24 туристік бағыт қатарына кірді, ал Шымбұлақ курорты мен Oi-Qaragai ТМД-да үздік деп танылып, туризмдегі инновациялары үшін марапатқа ие болды", - деп жазылған әкімдік таратқан хабарламада.

Биылғы жоспар қала билігі 2,5 миллион турист тартуды көздеп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу