Полицияның мәліметінше, күдіктіні ұстау Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті криминалдық полиция басқармасы, ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті және Қазақстанның Антальядағы Бас консулдығының бірлескен жұмысының нәтижесінде жүзеге асқан.
Тергеу нұсқасына сәйкес, ер адам 2021 жылдың тамыз-қыркүйек айларында сыбайластарымен алдын ала келісіп, азаматтардың сеніміне кіріп, алаяқтық жолмен 6 миллион теңгеден астам қаржыны иемденген.
16 шілдеде күдікті Түркиядан Қазақстанға депортацияланды. Оны елге қайтару жұмыстарына Антальядағы Қазақстанның Бас консулдығы мен ҚР Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері атсалысты.
Ведомствоның мәліметінше, жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері алаяқтыққа қатысы бар, іздеуде жүрген төрт адамды ұстаған.
Тергеу материалдарына сәйкес, олардың әрекетінен келтірілген жалпы материалдық шығын 568 миллион теңгені құрайды.