2022 жылдан бері мемлекетке 8,5 млн гектардан астам жер қайтарылған

385

Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова Мәжілістің жалпы отырысында айтты.  

2022 жылдан бері мемлекетке 8,5 млн гектардан астам жер қайтарылған Фото: Inbusiness.kz

Оның сөзінше, қайтарылған жердің көбі халыққа мал жаю үшін беріліп жатыр, деп жазады inbusiness.kz.

Тамара Дүйсенова пайдаланылмай бос жатқан немесе бір кезде заңсыз берілген ауыл шаруашылығы жерлерін, оның ішінде жайылымдық жерлерді қайтару үшін белсенді жұмыс жүргізіліп жатқанын баса айтты.

"2022 жылдың басынан бері 8,5 миллион гектардан астам жер қайтарылды, оның 2,8 миллион гектары қазірдің өзінде елдің игілігіне берілді. Қайтарылған жердің көбі халыққа мал жаю үшін беріліп жатыр. Бұл ретте тиісті заңнамалық актілерге жайылымдарды пайдалану мәселесі бойынша өзгерістер енгізу үшін Парламент депутаттарының бастамасымен ауқымды жұмыс жасалып жатыр", - деді ол.

Премьер-Министрдің орынбасарының айтуынша, бұл өзгерістер, жайылымдарды басқа жер түрлеріне ауыстыруға тыйым салу, оларды мал жаю үшін резервке қою, жайылымдық жерлерді алу нормативтерін ұлғайту және басқа да нормалар арқылы жайылымдық жерлерді ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді.

Айта кету керек, осыған дейін биылғы жиналатын астық көлемі елді нанмен және ұнмен толық қамтуға жететінін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу