2022 жылдың үздік он қазақстандық боксшысы анықталды

596

Рейтингте Геннадий Головкин бірінші тұр. 

2022 жылдың үздік он қазақстандық боксшысы анықталды Фото: aikyn.kz

Boxrec.com сайты 2022 жылғы үздік қазақстандық боксшылардың рейтингін жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап. Ондағы бірінші орынды WBA Super, IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин иеленді. WBO белбеуінің иегері Жәнібек Әлімханұлы екінші орында.

Үздік үштікті соңғы жекпе-жегінде суперорта салмақта IBF North American және WBC Silver екінші дәрежелі чемпиондық белбеулерін жеңіп алған Әли Ахмедов аяқтады.

BoxRec нұсқасы бойынша үздік 10 қазақстандық боксшы:

1. Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО)

2. Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО)

3. Әли Ахмедов (19-1, 14 КО)

4. Мейірім Нұрсұлтанов (18-0, 10 КО)

5. Сергей Липинец (17-2-1, 13 КО)

6. Бекман Сойлыбаев (15-1, 6 КО)

7. Жан Кособуцкий (19-0, 18 КО)

8. Жанқош Тұраров (26-0, 19 КО)

9. Қанат Ислам (29-1, 22 КО)

10. Батыр Жүкембаев (20-1, 16 КО).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу