2022 жылға қарай шетелдік инвестиция 26 пайызға дейін артады

959

 2022 жылға қарай шетелдік инвестиция 26 пайызға дейін артады

Елімізде 2022 жылға қарай шеттен инвестиция тарту қарқыны 26 пайызға дейін артады. Бұл үкімет отырысында бекітілген "Ұлттық инвестициялық стартегиясы" негізінде мүмкін болмақ. Осы жайында Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек айтты.

Мақұлданған құжатқа сәйкес, Қазақстанға тиімді және әлеуетті болып табылатын 36 мемлекеттен инвестор тарту көзделіп отыр. Оның 11-інің басымдығы жоғары. Себебі, тәуелсіздік алғалы бері, ел экономикасына көптеп қаржы құйған елдер болып саналады. Сондай-ақ, ведомство мен дүниежүзілік банк бірлесе отырып, инвестиция тартуға тиімді салаларды анықтап қойған.

Жеңіс Қасымбек ҚР инвестициялар және даму министрі:

"Қазіргі күні жұмыс істеп жатқан инвестиция келіп жатқан салалалар, ол индустрияландыру бойынша приоритетті салалар. Оның ішінде машина жасау саласы, мұнай химиясы, газ химиясы, жалпы химия. Екіншісі ол үлкен перспективасы бар салалар. Ол Аити саласы, қаржы саласы және туризм. Оның болашағы зор".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу