ТМД-ның мәдени астанасы анықталды

1289

Алдағы жылы ТМД-ның мәдени астанасы Қаракөл (Қырғызстан) қаласы болады, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы "Интерфакс-Қазақстан" ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

ТМД-ның мәдени астанасы анықталды

Қырғызстан Сыртқы істер министрлігінің дерегінше, 18 желтоқсанда Садриддин Айни атындағы Тәжік мемлекеттік академиялық опера және балет театрында "Душанбе – ТМД-ның мәдени астанасы – 2021" жылының салтанатты жабылу рәсімі өтті.

"Іс-шарада 2022 жылғы эстафета Қаракөл қаласына берілді", – деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, Қаракөл қаласы Ыстықкөл облысында орналасқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу