Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бах 2022 жылғы жастар арасындағы Олимпиада ойындарын Африкада өткізуді ұсынды, деп хабарлайды olympic.kz.
Егерде бұл ұсынысты бәрі қолдаса, ҰОК Африкалық ұлттық комитеттерімен тығыз байланыста болып, бұл мақсатты жүзеге асыруға көмектеседі.
"Иә, біз 2022 жылғы жастар арасындағы Олимпиада ойындарын қабылдайтын ел Африка құрлығынан болғанын қалаймыз", - деді Томас Бах.
Естеріңізге сала кетсек, биыл жастар арасындағы жазғы Олимпиада ойындары Буэнос-Айресте өтеді. Аталмыш жарыс қазанның 6-ы мен 18-і аралығында өтеді деп жоспарлануда.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу