2022 жылы 3 миллионнан астам америкалық табиғи апаттарға байланысты үйлерін тастап кеткен

470

Мәжбүрлі қоныс аударудың жартысынан көбіне дауыл себеп болған. 

2022 жылы 3 миллионнан астам америкалық табиғи апаттарға байланысты үйлерін тастап кеткен Фото: gdb.voanews.com

АҚШ халқы ересектерінің 1,3%-дан астамы өткен жылы табиғи апаттарға байланысты үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды, деп хабарлайды Inbusiness.kz Associated Press-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы АҚШ-тың Санақ бюросының мұндай бағыттағы алғашқы зерттеуі нәтижесінде айтылды.

Зерттеу көрсеткендей, 3,3 миллион ересек америкалықтар дауыл, су тасқыны, өрт, торнадо немесе басқа табиғи апаттар салдарынан басқа жерге бас сауғалаған.

Кейбір Штаттар басқаларға қарағанда көбірек зардап шекті.

Күзде "Иэн" мен "Николь" дауылдарынан зардап шеккен Флорида штатында миллионға жуық адам немесе әрбір 17-ші ересек тұрғын көшірілді.

Луизианада 409 мыңнан астам адам немесе шамамен әрбір сегізінші тұрғын көшірілді. Бұл аймақта 2022 жылы салыстырмалы түрде дауыл маусымы тыныш өткенімен, тұрғындар 2021 жылы болған "Ида" дауылының салдарымен күресумен болды.

Қоныс аударған 3,3 миллион ересек адамның үштен бірінен астамы бір аптадан аз уақыт ішінде үйлеріне оралды, бірақ шамамен алтыдан бір бөлігі ақыр аяғында шаңырағына қайта келе алмады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу