2022 жылы 40368 жаңа ғимараттың құрылысы аяқталды

405

Құрылыс жұмыстарының көлемі 10,2% құрады. 

2022 жылы 40368 жаңа ғимараттың құрылысы аяқталды Фото: inbusiness.kz

2022 жылы құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 6 304,3 млрд теңгені құрады және 2021 жылмен салыстырғанда 10,2%-ға ұлғайды, деп жазады inbusiness.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Бұл ретте республика бойынша құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінен жеке құрылыс ұйымдары – 77,8%, шетелдік – 21,9% және мемлекеттік мекемелер – 0,3% орындады.

Құрылыс жұмыстарының құрылымы бойынша негізгі көлем құрылыс-монтаж жұмыстарына тиесілі – 87,2%, күрделі жөндеуге – 6,1%, ағымдағы жөндеуге – 6,7%.

Объектілердің түрлері бойынша 2022 жылы ең көп үлесті имараттарды салу бойынша орындалған жұмыстар құрады – 43,2%, тұрғын емес ғимараттарды салу – 37,3% және тұрғын ғимараттарды салу бойынша – 19,5%. Ақшалай мәндегі ең үлкен көлем имараттар құрылысы бойынша байқалды – 2 724,1 млрд теңге, ал ең жоғары өсім тұрғын емес ғимараттардың құрылысы бойынша – 2021 жылмен салыстырғанда 13,7%.

 2022 жылы 40368 жаңа ғимараттың құрылысы аяқталды, оның ішіндегі 37893 тұрғын және 2475 тұрғын емес мақсатта. Пайдалануға беріген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 15,7 млн М2 құрады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 7,4% аз. Былтыр пайдалануға жалпы білім беретін 92 мектеп, мектепке дейінгі 98 ұйым, амбулаториялық 35 емхана, 3 аурухана берілді. Осы ретте 2021 жылмен салыстырғанда пайдалануға берілген мектептердегі оқушылардың орын саны 20,5 мыңға көбейген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу