70-тен астам жапон компаниясы 2022 жылдан бастап цифрлық валюта шығармақ

1189

Валютаның атауы Dcjpy деп қойылуы мүмкін.

70-тен астам жапон компаниясы 2022 жылдан бастап цифрлық валюта шығармақ Фото: reuters.com

74 жапон компаниясы мен ұйымдардан тұратын консорциум 2022 жылдың екінші жартысында жаңа цифрлық валютаны айналымға шығармақ, деп хабарлайды Inbusiness.kz Nikkel газетіне сілтеме жасап.

Консорциум ішінде бірқатар банк бар. 

Валютаның атауы Dcjpy деп қойылуы мүмкін. Ол банк депозиттерімен қамтамасыз етіледі. Консорциум блокчейн технологияларын және компаниялар арасында тәулік бойы жүргізілетін жедел транзакцияларды жүзеге асыру үшін ортақ платформаны пайдалануды жоспарлап отыр. DCJPY-ге қатысты сынақтар осы жылы басталуы мүмкін.

Есеп айырысулар ұлттық валютада (иен) жүргізіледі. Ал аударымға кем дегенде 1 иен төлеу керек. 

Консорциумға Жапонияның үш ірі банкі Mitsubishi UFJ, Sumitomo Mitsui Financial Group және Mizuho Financial Group, көлік, энергетика және басқа да салалардағы бірқатар компания кіреді. Олардың арасында Jr East теміржол компаниясы, Yamato Holdings жеткізу қызметі, NTT телекоммуникациялық корпорациясы және Kansai Electric Power энергетикалық компаниясы бар.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу