2022 жылы әлем экономикасы қалыпқа келуі мүмкін – сарапшы

1028

IHS Markit вице-президенті Дэниел Ергин алдағы жылы жаһан экономикасы қалыпқа келуі ықтимал екенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.  

2022 жылы әлем экономикасы қалыпқа келуі мүмкін – сарапшы

"Климаттың өзгеруі, парниктік газдар шығарындыларының азаюы энергетика саласына әсер етуде. Бүгінде COVID-19 пандемиясы жалғасып жатыр. Бұл экономика өсімінің айтарлықтай тежелуіне ықпал етті. Тек 2022 жылы экономикалық көрсеткіштер (2019 жылмен салыстырғанда) қалпына келуі мүмкін және жаңартылатын энергия көздеріне баса назар аударылады", – деді Пулитцер сыйлығының лауреаты XIV Kazenergy Eurasian Forum-да.

Дэниел Ергин 2020 жылғы Ұлттық есепте Қазақстан соңғы 30 жылда жеткен белгілі бір жетістіктері жазылғанын атап өтті.

"Бүгінде көміртегі көздері Қазақстан энергетикасының негізі деуге болады. Олар экономиканың басқа салаларына ықпал етеді, әрі олардың жалпы ішкі өнімдегі үлесі – 70%. Сондай-ақ көмірсутектер Қазақстан экспортқа шығаратын негізі өнім болып саналады", – деді вице-президент.

Оның айтуынша, 1991 жылдан бері Қазақстан мұнай-газ индустриясы арқылы экономикасын дамытқан. Аталған сала халықтың өмір сүру сапасын жақсартуда маңызды рөл атқарған. Осыған қарамастан ол елге экономиканы әртараптандыру үшін ауқымды жұмыстар жүргізу керегін жеткізді.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу