2022 жылы БАҚ туралы жаңа заң қабылданбақ

1627

Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында мәлім етті.

2022 жылы БАҚ туралы жаңа заң қабылданбақ

"Бұл тұрғыдағы мақсат – мемлекеттің бірыңғай ақпараттық саясатының заңнамалық қамтамасыз етілген тетіктерін қалыптастыру. Осы орайда БАҚ туралы жаңа заң 2022 жылы әзірленіп, қабылдануы үшін биыл заң жобасының тұжырымдамасы кеңінен талқылауға ұсынылады", - деді министр. 

Сонымен қатар жиында ведомство басшысы министрлікке жүктелген басты міндеттер туралы сөз қозғады. Аида Балаеваның сөзінше қазіргі кезде ең басты міндеттердің бірі – мемлекеттің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ақпараттық-идеологиялық жұмыстар. 

"Аталған бағыт бойынша шекара маңындағы аумақтарда хабар тарату желісін даму жоспарланған. Оның ішінде мемлекеттік радиохабар тарату желісін дамыту бойынша Жол картасы әзірленді. Қазіргі кезде радиожиіліктерге тиісті конкурс жарияланды. Бұл салада ақпараттық-сараптамалық бағыттағы бағдарламаларға басымдық беріледі", - деді министр. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу