2022 жылы Brent маркалы мұнай баррелінің бағасы 60 доллар болады – болжам

1023

Ұлттық банк 2021 жылғы мамыр-маусым болжамды кезеңнің қорытындысын жариялады.

2022 жылы Brent маркалы мұнай баррелінің бағасы 60 доллар болады – болжам Фото: inbusiness.kz

2021-2022 жылдары Brent маркалы мұнай баррелінің бағасы 60 доллар болады деген болжам бар. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Оның айтуынша, Ұлттық банк базалық сценарийде мұнай бағасын қайта қараған.

"Қазір Brent маркалы мұнайдың әлемдегі бағасы барреліне шамамен 70 долларға тең. Әлемдегі жаппай вакцинация мен мұнай көлемін азайту туралы ОПЕК+ келісіміне байланысты мұнайға сұраныс қалпына келіп жатыр", - деді Ақылжан Баймағамбетов.

Ол мұнай алу көлемі әлем бойынша арта бастаған соң әлемдегі мұнай бағасы қазіргі көрсеткіштен азаяды деген пікірде.

"Осыған байланысты Ұлттық Банк базалық сценарий ретінде 2021-2022 жылдары Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 60 доллар болады деп болжап отыр. Мұны халықаралық ұйымдардың болжамы да растай алады", - деді Ұлттық банк төрағасының орынбасары.

Айта кетейік, Ұлттық биыл еліміздегі іскерлік белсенділік тез қалпына келіп, халықтың табысы артатынын хабарлаған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу