Еуропалық Одақ елдерінде өткен жылы ЕО-ға мүше мемлекеттерде тіркелген ұшақтардың қатысуымен болған авиациялық апаттардан қаза тапқандар саны 147 адамды құрады.
Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 26 адамға көп, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан Еуроодақтың статистикалық басқармасына сілтеме жасап.
Өткен жылы апаттардың көпшілігі (2021 жылғыдай) ұшып көтерілу салмағы (МТОМ) 2,25 тоннадан аз ұшақтарда орын алып, 122 адам қаза тапты. Бұған шағын ұшақтар мен тікұшақтар,
ЕО-да салмағы 2,25 тоннадан асатын үлкен ұшақтармен болған оқиғаларда тек бір адам қаза тапты. Тағы 17 өлім коммерциялық авиацияда және жетеуі авиациялық арнайы жұмыстар саласында тіркелді.
2012-2022 жылдар кезеңінде Еуропалық Одақтың әуе көлігінде еуропалық ұшақтардың қатысуымен ірі апаттар тіркелген жоқ. Тек 2015 жылы Альпі тауларында неміс ұшағы апатқа ұшырап, 150 адам қаза тапқан.