2022 жылы футболдан әлем чемпионаты өтпеуі мүмкін

1556

2022 жылы футболдан әлем чемпионаты өтпеуі мүмкін

2022 жылы Катар елінде футболдан әлем чемпионатының өтпеуі де мүмкін. Бұл жайында The Guardian газеті сараптама жасай отырып, мәлімдеме жариялады, деп хабарлайды muslim.kz.

Айта кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын Катар елімен Сауд Арабиясы, Египет, БАӘ, Бахрейн, Ливия, Иемен, Мальдива және Маврикия мемлекеттері елшілік қарым-қатынастарын тоқтатқан болатын. Газетте жарияланған мәліметте аталмыш елдермен әуе, су және құрлық жолдарының үзілуі спортшылар мен жанкүйерлердің Катар жеріне жетуін айтарлықтай қиындата түсетіні айтылады.

Бұл жайында ФИФА және Әлем чемпионатының ұйымдастыру комитетінде арнайы сауал жолданбағанымен, "жағдайдың қиын екенін" жоққа шығармайды. Ал, Катар елі болса, айтулы доп додасын жоғары деңгейде өткізуге бар күшін жұмсап жатыр десе де болғандай.

Қазіргі таңда мемлекет аумағында заманауи талаптарға сай тоғыз стадион, сондай-ақ, ондаған қонақ үйлер мен сауда-сауық орталықтары, басқа да нысандар салыну үстінде

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу