2022 жылы Хитроу әуежайында жолаушылар ағыны 3 есе өсті

Олардың жалпы саны 62 млн-ға жуықтады. 

 2022 жылы Хитроу әуежайында жолаушылар ағыны 3 есе өсті Фото: Turist delfi

Лондондағы Хитроу әуежайы 2022 жылы 61,6 млн жолаушыға қызмет көрсетті, бұл көрсеткіш бір жылда үш еседен аса өсті, деп хабарлады inbusiness.kz Интерфакс- Қазақстанға сілтеме жасап.

Жолаушылар саны пандемияға дейінгі деңгейдің 76%-ын құрады.

 "2022 жыл жолаушыларға біркелкі және тиімді қызмет көрсетумен бірге соңғы үш жылдағы ең қарқынды Рождествомен аяқталды", –  деді әуежай басшысы Джон Холланд-Кей.

Желтоқсан айында Хитроу қызметін 5,94 млн жолаушы пайдаланды. 2021 жылдың осы кезеңінде көрсеткіш 3,12 млн болатын. Ал жүк тасымалдау 127,19 мың тоннадан 109,15 мың тоннаға дейін төмендеді.

Әуежай басшылығы жолаушылар ағыны 2023 жылы 67,1 миллионға дейін өседі деп болжады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу