2022 жылы Қазақстанда 84 млн тонна мұнай өндірілді

Бұл жоспардан төмен. 

2022 жылы Қазақстанда 84 млн тонна мұнай өндірілді Фото: ortcom.kz

Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов Орталық коммуникациялар алаңындағы баспасөз конференциясында айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"2022 жылдың қорытындысы бойынша 84 млн тонна мұнай өндірілді, экспорт – 64,8 млн тонна", – деді Энергетика министрі Болат Ақшолақовтың 2022 жылғы мұнай саласының қорытындылары туралы брифингте.

Еске сала кетсек, 2022 жылғы "қара алтын" бойынша өндірістік жоспар 85,7 млн тонна болатын. Алайда кейін бұл көрсеткіш өзгеріп, 84-85 млн тоннаны құрайтыны хабарланған. Оған Қашаған кен орнындағы жоспардан тыс жұмыстар ықпал етті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу