2022 жылы Қазақстанда экономиканың дамуы 2,8-3,8% деңгейінде қалыптасады

637

Ұлттық Банктің жаңартылған болжамдары бойынша 2022 жылы Қазақстанда экономиканың дамуы 2,8-3,8% деңгейінде қалыптасады, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

2022 жылы Қазақстанда экономиканың дамуы 2,8-3,8% деңгейінде қалыптасады

"ЖІӨ-нің динамикалық өсу қарқыны 2022 жылғы қаңтар-сәуірде қалыптасқан жоғары фактіге, сондай-ақ жылдың соңына дейін экономиканың барлық негізгі салаларында күтілетін оң динамикаға байланысты болады", – деп жазылған Ұлттық Банктің хабарламасында. 

Алайда геосаяси дағдарыс, сыртқы сұраныстың әлсіреуі және тауар жеткізу тізбегінің қайта құрылуы экономиканың өсу қарқынының жылдамдауын тежейді. 

"Геосаяси белгісіздік аясында Қазақстанның экспорттық жеткізілімдерінің халықаралық нарықтарға қол жеткізуінің ықтимал проблемалары ЖІӨ болжамының тәуекелі болып табылады. Бұл оны іске асыру кезінде ЖІӨ-нің өсу болжамын мейлінше төмен қарқын жағына қарай қайта қарауға әсер етуі мүмкін", – деп хабарлады еліміздің бас қаржы институты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу